Жастарды жат пиғылды діни топтардың жетегінде кетуден сақтайтын тиімді іс-шаралар кешенін әзірлеу керек - Елбасы

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Жастарды жат пиғылды діни топтардың жетегінде кетуден сақтайтын тиімді іс шаралар кешенін әзірлеу керек.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты ХІХ сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті,  Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев  осылай мәлім етті.

«Біздің қоғамның тұрақты дамуының берік кепілі  - мемлекетіміздің зайырлы қағидаттарын терең зерттеу болып табылады. Дін бұл - адамның жаны мен әдебінің аясы. Әрбір дін өкілінің уағыздайтын жоғары адамзаттық құндылықтары мемлекет тарапынан әрқашан қолданып, құрметтеледі»,  -деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы алдағы айда Әлемдік діндер басшыларының 4-інші Съезін өткізетінімізді айта келе, бұның өзі Қазақстанды ғаламдық төзімділікті қалыптастыруға жетелейтінін атап өтті.

«Барлық діни бірлестіктермен өзара әрекеттестікті дамыту үшін Дін істері агенттігін құрдық. Осы шеңберде жастарды жат пиғылды діни топтардың жетегінде кетуден сақтайтын тиімді іс шаралар кешенін әзірлеу керек», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар