+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары дайындалуда

2020 жылғы 29 қазан 12:35
Бөлісіңіз:
Жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары дайындалуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгінгі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасын әзірлеп жатыр. Осы жылдың қараша немесе желтоқсан айларында Орталық коммуникацялар қызметінің алаңында біз оны таныстырып, әр пунктін түсіндірсек дейміз. Ең бірінші кезекте жұмыс бағдары 2015 жылы қабылданған мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды жүзеге асыруға бағытталады. Ол заң жастарды қолдау мен жастар саясатын орталық және аймақтық деңгейде жүргізу бойынша 10 бағыттан тұрады. Егер нақты бір ұсыныстар болса жастар ісі жөніндегі комитет арқылы оны біз кешенді жоспарға енгізуге дайынбыз», - деді Асхат Оралов онлайн режимде «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар және инновациялар» форумында.

Вице-министрдің айтуынша, жұмыс жастардың жасы бойынша реттеледі. Себебі ҚР заңына сәйкес жастар санатына 14-28 жас аралығындағы азаматтар кіреді.

«Біз мектептерде оқитын 14-18 жастағы балаларға, 18-22 жастағы студенттерге және жұмыс істейтін 23-28 жастағы азаматтарға арнап айқындалған шараларды әзірлейміз. «Болашақ» қауымдастығының бастамасымен жоспарға шетелде оқитын жастарға арналған «Атамекен» атты жоба қосылады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT