Жастарды қолдау мемлекеттік саясатта басымдыққа ие - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен Үкіметке жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін үнемі бақалауда ұстауды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, жұмыс тәжірибесінің жоқтығы, тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі, сондай-ақ кәсіпке икемдену қажеттігіне қатысты жастар проблемаларына ерекше көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысы барлық жүйелі мәселелер, оның ішінде заңнамаға өзгерістер енгізу, бюджет қаржысын бөлу, «Жастар ел тірегі» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды құру шаралары биылдың барысында шешілуі тиістігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар