Жастарды ғылымға қалай тартуға болады: Төлеутай Рахымбековтің ұсынысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Төлеутай Рахымбеков жастарды ғылымға тартудың бірнеше жолын ұсынды, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылыми кадрлардың санын көбейту мәселесі де өте өзекті. Соңғы 30 жылда 1 миллион тұрғынға шаққанда республикада ғылыми кадрлардың саны екі жарым есе азайған. Бұл көрсеткіш бойынша ТМД-дағы серіктсердің өзінен 1,5-2 есе артта қалып отырмыз», - деді Төлеутай Рахымбеков Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Ұлттық кеңес мүшесі ғалым болудың жастар арасында тартымдылығын арттыру үшін мынадай амалдарды ұсынды.

«Біріншіден, мемлекеттік тапсырыс аясында магистранттар мен докторанттар үшін оқу құны мен шәкіртақы мөлшерін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұған тіпті, мемлекеттік тапсырыс аясындағы олардың санын азайту арқылы да қол жеткізуге болады. Екіншіден, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ең жақсы шетелдік ғылыми орталықтарда ғалымдарға стажировкадан өту шараларын қарастыру керек. Үшіншіден, ғылыми мекемелерді базалық қаржыландыру көлемін ұлғайтқан абзал. Төртіншіден, ғылыми жабдық, импорттың салықтық және кедендік ынталандыру мәселесін шешкен дұрыс», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар