Жастарды баспанамен қамтитын "Абай жастары" бағдарламасы іске қосылады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Алдағы желтоқсан айында «Абай жастары» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, бағдарламаның әкімшісі - «Семей қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы» ММ бөлімі. Олар жобаны «Отбасы банк»АҚ бірлесіп жүзеге асырады.

«Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның құрамына түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен отбасылар кіреді.

Қазіргі уақытта халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаның ережесі әзірленді. Қатысу шарттары 1 желтоқсанда Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады», - деп жазды ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қай ипотека бағдарламасы тиімді екенін сараптап жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар