Жастарды аймақтарға жіберіп, тәжірибеден өткізу керек - Ерлан Сайыров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Сайыров Президенттік жастар кадр резервінің артықшылықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - еліміздегі жастарға қоғамдық және әлеуметтік көмек жасаудағы негізгі қадамдардың бірі. Бүгінгі таңда жастар еліміздегі халықтың жартысынан астамын құрайды, бірақ мемлекеттік және басқа органдарда олардың үлес салмағы аздау. Сондықтан Президенттің бұл қадамы жастар үшін кадрлық әділеттілік орнатуға бағытталған әрекет деп ойлаймын»,- дейді Ерлан Сайыров.

Сондай-ақ, ол Президенттік жастар резервіне қатысты өз ұсынысын да айтып өтті.

«Президенттің жастар резервіне іріктеу әділ өтті. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына ғана емес, аймақтарға да жіберіп, тәжірибеден өткізген дұрыс», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар