Жастар жылына орай Лондон - Нұр-Сұлтан халықаралық велошеруі өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастар жылына орай «Beibitshilik jane birlik» («Peace and unity») деген атаумен халықаралық велошеру ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Велошеруге 6 адам қатысады, олар 7 мемлекеттің аумағын басып өтуі және 5830 шақырымды еңсерулері керек. Велосипедшілер шатырда түнеп, дала жағдайында тамақтанып, сондай-ақ күнделікті сапар барысын фото және бейнежазбалар арқылы бөлісіп отыруы тиіс. Одан бөлек, велошеру онлайн тәртібінде көрсетілетін болады», - деп хабарлайды Қазақ географиялық қоғамының баспасөз қызметі.

Халықаралық шараның мақсаты - Қазақстанның атын әлемге одан әрі таныту, туризмнің қарқынды дамуына сеп болу және көпшілікке спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеу. Сонымен қатар, Қазақстандағы Жастар жылына арналып ұйымдастырылуда.

«Таяуда велошеру қатысушылары таныстырылатын болады. Олардың қалай дайындалғандықтарын, алдағы түрлі сынақтарға қалай төтеп беретінін білетін боламыз. Велошеруге қатысты жаңалықтарды Қазақ географиялық қоғамының әлеуметтік желілерінен білуге болады», - делінген хабарламада.

Веложарысты Қазақстан халқы бірлігі күніне орай алдағы 29 сәуір күні Лондоннан (Ұлыбритания) бастап, 6 шілде қала күнінен орай Нұр-Сұлтанда аяқтау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар