Жастар жылы: «Жаңғыру жолы» қозғалысы арнайы жол картасын іске асырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы өтетін «Жастар жылында» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы арнайы жол картасы бойынша жұмыс жүргізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келер жылы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жол картасы жүзеге асырылады. Бұл дегеніңіз - 19 өзіндік жоба. Олардың бәрі де әлеуметтік лифтілердің ауқымды алаңын құруға және барлық санаттағы жастарымызды қолдауға бағытталған», - деді бүгінгі ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко.
null 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ассамблеяның барлық қоғамдық құрылымдарында жастардың басқарушылық корпустары құрылған.

«Оның құрамына қазіргі таңда 250 адам кіреді. Ол «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысымен бірге «Жастар жылын» лайықты өткізуге және шараларды ұйымдастыруға атсалысатын болады», - деді Леонид Прокопенко.
null 

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын.

Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар