+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Жастар жылы: Жамбылдық 158 жас кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алды

2019 жылғы 13 қыркүйек 08:56
Бөлісіңіз:
Жастар жылы: Жамбылдық 158 жас кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында биыл 158 жас кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жастар жылы: Таразда «Баста» бизнес-форумы өтті Павлодарда ең үздік жас отбасы анықталды Ақтауда «Болашаққа сеніммен» жастар жиыны өтті

Аталған гранттарға бөлінген қаржыны тиімді пайдалануды үйлестіру басты талаптардың бірі болып отыр. Осы орайда облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы жас кәсіпкерлерге жол көрсету мақсатында жиын өткізіп, жас кәсіпкерлерге кеңес берді.

Кәсіпкерлікті дамытуға негізделген бұл жоба – жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды өз кәсібін бастауға үндейді. Сол арқылы ауыл, қала тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру. Жастар жылы аясында жүзеге асырылып отырған жобаға 324 миллион теңге қарастырылған болатын. Барлығы 466 тың идеялар ұсынылса, оның 158-і комиссия мүшелерінің көңілінен шыққан.

«Грант қаражаты 1 жыл ішінде игерілуі керек. Бөлінген қаржы дұрыс жұмсалуы ерекше бақылауда болады. Бұдан бөлек, ұсынылған жоба аясында жұмыс орындары ашылып, грант иесі әрі қарай кәсібін дөңгелетіп әкетуі тиіс»,- дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Кенжебеков.

Мамандар грант иелері өз мақсаттарына ерекше жауапкершілікпен кірісуді көздеп отырғанын айтады. Көп ұзамай олар өз жобаларын іске асырып, ел дамуына үлес қосады деген сенім мол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT