Жастар жылы: Таразда жаңа аллея ашылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында Жастар жылына орай «Жастар аллеясы» ашылады. Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің есебінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда Сүлейменов көшесінің бойындағы «Атшабар» аллеясын абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл жоба облыстық қала құрылысы кеңесінде жарты жыл қарастырылып, барлық мәселелер анықталған болатын.

«Бүгінде нысанның құрылыс жұмыстарына «АрайСтройМаркет-2003» мен «Табыс жоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері «Туған жер» бағдарламасы аясында өз үлестерін қосуда. Облыс басшысы Асқар Мырзаxметовтың бастамасымен аллеяның атауын «Жастар аллеясы» етіп өзгерту туралы ұсыныс қолдау тапты. Бұл өз кезегінде, Жастар жылына арналған елеулі оқиға деп есептейміз», - деді шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымов.

Айта кетейік, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан - Айша бибі» стеллалары және заманауи субұрқақтар орнатылады. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде жастар үшін ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға көлемі 6,7х6,7 метрлік LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар