Жастар жылы өскелең ұрпақтың білімін шыңдауға жол ашады - жас ғалым

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар жылы өскелең ұрпаққа өздерінің білімін шыңдауға жол ашады. Бүгін Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Өнертапқыш, ғалым, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Иван Крепак осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жастар жылы өскелең ұрпаққа өздерінің білімі мен дағдыларын кеңейтуге жол ашатындығына сенімдімін. Осы орайда ақпараттық технологияларды дамыту, кәсіпкерлік және басқа да салаларда жастардың қатысуы мүмкіндігі арта түспек. «Жас Отан» жастар қанаты барлық жастардың жобаларын біріктіруге барша күш-жігерін салатынын сеніммен айта аламын. Біз Тәуелсіздік ұрпағымыз. Атап айтқанда, біз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеп, үлесімізді қосамыз», - деп тоқталды ол.

Иван Крепак бүгінде «Нұр Отан» партиясы балаларға арналған ақысыз ІТ-сыныптар ашылып жатқанын еске салды.

«Осындай 1 мың сынып ашу жоспарланған еді. Бүгінде 811-ге жеткен ІТ-сыныптар 8-16 жас аралығындағы балаларды бағдарламалау мен робототехникаға, сондай-ақ 3D-модельдеуге оқытуда», - деді жас өнертапқыш.

Бұдан бұрын қазақстандық оқушылар үшін мыңға тарта тегін IT-сыныптар ашылатындығы хабарланған еді.
null

Жастар жылының ашылуына Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастардың өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер келген.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Соңғы жаңалықтар