Жастар жылы аясында елордада 600-ден астам шара өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Нұр-Сұлтанда жастар жылы аясында 600-ден астам түрлі бағыттағы іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық әкімдік «Жастар жылы» аясында жастардың бастамаларын қолдауға, шығармашылығын шыңдауға арналған бағыттағы көптеген жұмыстарды атқарды. Жастар жылы аясында қалалық әкімдік арнайы жол картасын бекітті. Ол өз кезегінде 11 бағыт пен 136 жобадан тұрады. Сол жобалардың аясында елордада 600-ден астам іс-шара өткізілді. Ол шаралар бойынша бірер мысал келтірер болсақ, биыл 1050 астаналық жасқа сатып алу құқығынсыз жалдап тұруға пәтер беріледі. Одан бөлек, елордалық жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әкімдіктен 75 млн теңгенің мемлекеттік гранты берілді», - деді қалалық әкімдіктің жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Оның айтуынша, биыл 220-дан астам жас өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алды.

«Жастарды мазалайтын сұрақтардың бірі — жұмысқа орналасу. Нұр-Сұлтан қаласында жұмыссыздық деңгейі 4-5 пайыз. Үстіміздегі елордадағы жоғарғы және арнаулы орта білім беру ошақтарын бітірген 5,5 мың жас маман жұмысқа орналастырылды. Өз кезегінде елорда әкімдігі ел игілігі мен қоғамның дамуына өз үлесін қосуға дайын жастарды әрқашан қолдау көрсетуге дайын», - деді ол.

Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, бас қаладағы жастардың саны 245 мыңнан асады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Нұр-Сұлтанда «Елорда жастары сыйлығы-2019» байқауы өтті.

Соңғы жаңалықтар