Жастар жылы: Астанада шетелдік суретшілер шеберлік сабақтарын өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Academism and Progress» кәсіби суретшілердің халықаралық симпозиумы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Алматы, Шымкент, Санкт-Петербург, Тбилиси, Бішкек, Павлодар, Самарқан және Астанадан 25 суретші келді.

«Біздің симпозиум Жастар жылына арналған. Қатысушылар құрамында 20-дан енді асқан жас суретшілер бар. Бұл өте жақсы белгі және жыл бойы жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, қолдау көрсетеміз деп үміттенемін», - деді симпозиум ұйымдастырушысы, «Дала Арулары - Женщины Степи» қоғамдық қорының директоры Роза Жүсіпова.null

Оның айтуынша, шара аясында Тәуелсіздік сарайында суретшілер көрмесі қойылып, ҚР Ұлттық музейде жас мамандарға шеберлік сабақтары өткізіледі.null

Сонымен бірге, ҚР Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қазақстанның сурет өнеріндегі реализм: мұралар, сын-қатерлер және өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.null

«Ертеңнен бастап, жастарға өз тәжірибемізді үйрету мақсатында шеберлік сыныптарын бастаймыз», - деді Роза Жүсіпова.nullnullnull

Соңғы жаңалықтар