+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

«Жастар және мәдени мұра» атты республикалық білім беру-тәжірибелік жобасы басталды

2021 жылғы 15 маусым 13:54
Бөлісіңіз:
«Жастар және мәдени мұра» атты республикалық білім беру-тәжірибелік жобасы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Жастар және мәдени мұра» республикалық оқу-тәжірибелік жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік кәсіпкер 9 оқушысы бар ауылға мектеп салып берді Президент тапсырмасы: Алматыда сегіз мектеп салынып жатыр ЖОО-ларды бақылау сапасын арттыру үшін аналитикалық платформа қажет – Сергей Пен

ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының баспасөз қызметі атап өткендей, жобаның мақсаты - Қазақстанның мәдени мұраларын медиа құралдар арқылы жастар арасында және халықаралық қоғамға кеңінен насихаттау.

«Жастар – әлеуметтік өзгерістер мен инновациялардың қозғаушы күші. ЮНЕСКО клубтарының федерациясы түрлі мәдени бағдарламалар мен ресурстар арқылы жастарға өз әлеуеттерін жергілікті және ғаламдық деңгейде көрсетуге және оны табысты болашақ үшін жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен, біз «Жастар және мәдени мұра» атты осы жаздың басты жобасын іске қостық»,- деп хабарлады ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясынан.

Жобаға 16 мен 29 жас аралығындағы кез-келген адам қатыса алады.

«Жобаға қатысушылар табиғи және мәдени мұралар туралы білімін тереңдете алады. Сонымен қатар, халқымыздың тарихи мұра объектілері мен көпжылдық ескерткіштерін қорғауда өз үлесін қосуға мүмкіндік алады. Ең бастысы тұрақты және заманауи эко-бағыттағы туризм, мәдени және табиғи мұра объектілері туралы маңызды тарихи фактілер бойынша көптеген жаңа және пайдалы ақпараттан құлағдар болады», делінген хабарламада.

Жоба бірнеше компоненттен құралған: білім беру, ақпараттық-түсіндіру, ғылыми-зерттеу және қорытынды практикалық бөлімдер.

Жастар және мәдени мұра» жобасының ерекшелігі – қатысушылардың бірлесіп жұмыс жасауы, осылайша 3 қатысушыдан тұратын 150 команда ұйымдастырып, жоба аясында кең-байтақ Қазақстанның туристік маршруттары мен жұмбақ тарихи жерлері бірлесіп зерттелетін болады.

Өтініштер 2021 жылдың 20 мамыры мен 30 маусымы аралығында қабылданады.

Өтінішті мына сілтеме бойынша беруге болады.

Жоба ұйымдастырушылары: Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен, Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT