Жастар үшін Тәуелсіздіктен асқақ мұрат, асқан құндылық болмауы тиіс - Көшербаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар үшін Тәуелсіздіктен асқақ мұрат, асқан құндылық болмауы тиіс. Бұл туралы «Біз - ел патриотымыз» халықаралық жастар форумында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастардың бүгінгі алқалы жиыны Мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар ойлаймын. Мемлекеттік рәміздер егемендіктің мәртебелі нышаны болса, жастар елдіктің, кемел келешектің кепілі. Сонымен бірге бүгінгі форум бәріміз үшін қастерлі де қасиетті мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтіп отыр. Тәуелсіздік біз үшін жанымызды тәу етіп келеміз. Тәуелсіздік ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, біздің ұлттық идеямыз. Сондықтан ел ертеңі жастар үшін Тәуелсіздіктен асқақ мұрат, асқан құндылық болмауы тиіс», - деді Мемлекеттік хатшы.

Осы ретте Қырымбек Көшербаев кезінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жас қазақстандық азаматтар дегеніміз - бұл тек құқық ғана емес, бірінші кезекте өз, өзінің отбасы және біздің отанымыз үшін жауапкершілік екенін есте ұстау керек» деп айтқан сөзін еске салып өтті.

«Бүгінде халқымыздың 20 пайызын 14-пен 29 жас аралығындағы жастар құрайды екен. Ал балалар мен жасөспірімдерді қоса есептейтін болсақ, бүгінгі қазақстандықтардың дені жастар екенін көреміз. Осы тұрғыдан алғанда біз тарихы терең, болашағы жарқын, бойын жастық жалыны шарпыған ұлтпыз деуге толық негіз бар. Ендеше, барды бағалап, жоқты саралап, тәубемізден жаңылмай, тәуекелден тайынбай Тәуелсіздік тасын өрге бірге сүйрейік, қадірлі жастар достар!», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар