«Жастар тәжірибесі»: Петропавлда 176 адам кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылмақ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жұмыс таба алмай жүрген түлектерді қолдау мақсатында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы іске асырылып отыр. Осы күнге дейін 100 адам 51 кәсіпорынға орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, оқу орындарын бітірген, бірақ жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қолдау көрсетіледі. Жобаның бірнеше бағыты бар, олар: жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісімі.

Сондай-ақ қысқа мерзімді курстан өтіп, нарықта сұранысқа ие мамандықты меңгеруге болады немесе «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, қайтарымсыз грант алып, өз ісін ашуға мүмкіндік бар. Биыл өңірде жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына 799,4 млн теңгенің 655 гранты берілмек.

Мамандардың айтуынша, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына өтініш қалдыру керек. Петропавл қаласында биыл оқу орындарының түлегі - 176 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Олардың 99-ы облыс орталығындағы 51 кәсіпорынға жіберілді. Басымдық берілген мамандықтар – заңгерлер, бағдарламашылар, агрономдар, техник-құрылысшылар, бухгалтерлер, аудармашылар, экологтар мен геологтар.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында биыл 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 274 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына, 476 адамды «Жастар тәжірибесі» бойынша, 2184 адамды қоғамдық жұмыстарға, 231 адамды «алғашқы жұмыс орны», «ұрпақтар келісімі», «күміс жас» жобалары бойынша орналастыру көзделген.


Соңғы жаңалықтар