Жастар тәуелсіздігімізді мәңгілік сақтау керектігін ұдайы жадында ұстауы керек - Қ.Ізбасов, майдангер, БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Біз қисапсыз қан төгіліп, қаһарман ерлікпен келген Жеңісіміздің 70 жылдығына Елбасымыздың бастауымен аман жетіп, ұрпағымызбен бірге көргенімізге тәубе дейміз. Бұл туралы 27 желтоқсан күні Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыповтың қолынан Елбасының құттықтау хатын алған Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдисат Ізбасов мәлім етті.

Оның айтуынша, Жеңіс - Отанға деген сүйіспеншіліктің хас үлгісі. Оның оңай келмегенін жас ұрпақ үнемі жадында ұстап, жеңімпаз аға буынның ерлігін құрметтеуі тиіс.

«Жастар тәуелсіздігімізді мәңгілік сақтау үшін білім алып, еңбек етуі керек. Биылғы Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиында Президентіміз тереңнен толғап, алда тұрған мақсат-міндеттерді айтты ғой, бәріміз соны есте ұстап, береке-бірлігімізді арттыра берейік. Сонда ғана мәңгілік мұратымызға жетеміз», деді Қабдисат Құсайынұлы.

Аудан әкімі К.Жақыпов сондай-ақ Екатерина Необутова, Анна Сидорова және басқа майдангерлерді жаңа жылмен құттықтап, Елбасының сәлемдемесін табыс етті.

Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы Нұржан Дүзбатырдың хабарлауынша, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланатын 2015 жылды ауданда барлығы 19 майдангер қарсы алғалы отыр. Олардың бәріне де Елбасының құттықтау хаты мен жаңажылдық сыйлығы тапсырылуда.

Соңғы жаңалықтар