Жастар саясатын жүзеге асыруда батысқазақстандық жастар қоғамдық бірлестіктері де өз белсенділіктерін арттыра түсетін болады

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жастар саясатын жүзеге асыруда батысқазақстандық жастар қоғамдық бірлестіктері де өз белсенділіктерін арттыра түсетін болады.

Бұл туралы облыстағы жастар көшбасшыларының ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Ерлан Әукеновпен кездесуінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде елуден астам жастар қоғамдық бірлестігі болса, соның отызға жуығы нақты жұмыс жасауда. Осы ұйымдарды қолдау мақсатында 40 миллионнан астам теңге бөлініп, ол қаражат игерілу үстінде.

Мемлекеттік жастар саясатының 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы алдағы жылдан бастап жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар үш жылдық «Ауыл жастары» бағдарламасы да ауыл жастарының белсенділігін арттырып, оларды жұмыспен қамтуға септігін тигізбек. Қазіргі кезде жастар тәжірибесіне сәйкес облыста біраз жұмыстар тындырылды. Оралда жас отбасыларға арналған екінші тұрғын үйге 228 млн. теңге қаралды. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасына сәйкес шет мемлекеттерде білім алғандардың алды елге оралып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосуда.

Мұндай жұмыстар болашақта да атқарыла беретін болады. 

Соңғы жаңалықтар