Жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысын қайта жасақтау міндеті тұр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жастар ресурстық орталықтарының құрылымын жаңартып, қайта іске қосу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір жастармен өзара іс-қимылдың барлық тәсілдерін байыпты түрде қайта қараудамыз. Жастар өзіне не қажет екенін нақты анықтағанын қалаймыз. Біз көзқарасты өзгертеміз. Енді жастар субъект емес, жұмыс объектісі болады. Шынымен де жастармен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған барлық бағдарламаларға жаңа баға беріп, оларды қалай жақсартуға болатынын түсінуіміз керек. Мұны жастардың белсенді қатысуынсыз жасау мүмкін емес. Біз үшін ең өзекті мәселелердің бірі – жастар ресурстық орталықтарының құрылымын жаңарту және қайта іске қосу. Ресурстық орталықтарды жастар үшін тиімді еткіміз келеді», - деді Александар Данилов елордада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі жастар кеңесі барысында.

Сондай-ақ, вице-министр жастар саясаты кеңесінің жұмысын да қайта қарау керектігін айтты.

«Ауқымды міндеттеріміздің бірі әкімдіктер жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестерді қайта жасақтау. Біз формализмді қойып, мәселелерді проблемалық талқылауға жүгініп, шындықты өзгертуге дайын жастарды тартқымыз келеді. Қазір Президент жанындағы қайта іске қосылған жастар саясаты жөніндегі кеңеспен тығыз байланыстамыз. Біз өзгерістер күтеміз. Президенттік жастар кадрлық резервінің тәжірибесімен бөліскіміз келеді. Біз жастар өсіп, өздерін дамыта түсу үшін тағы қандай мүмкіндіктердің барын қарастырмақпыз», - дейді ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі жастар кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар