Жастар саясаты жөніндегі кеңес жаңартылған құрамда іске кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңартылған құрамы алғашқы отырысын өткізді. Жиынға ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова төрағалық етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кеткен жөн, аталған кеңес 2008 жылы құрылған болатын. Содан бері кеңес мүшелері 19 рет жиналды. 10 отырыс аймақтарда өтті. Сол кезде білім беру, мәдениет, жұмыспен қамту, тұрғын үй, денсаулық сақтау, дене шынықтыруды дамыту және тағы басқа мәселелер көтерілді.

Жалпы, осы уақытқа дейін қолға алынған шаралардың нәтижесінде жастар саясаты бойынша бірыңғай мемлекеттік вертикаль қалыптасты. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде жастар саясаты бойынша арнайы департамент құрылды. Жергілікті жерлерде жастар саясаты басқармалары мен арнайы кеңестер жұмыс істеп келеді. 2013 жылдан бері мемлекеттік жастар саясатына арналған тұжырымдама қолға алынды. Былтыр аталған құжаттың екінші кезеңі басталды. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң да бар. Жастармен жұмыс жүргізуге бөлінетін қаржы жылдан жылға ұлғайып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде республикалық деңгейде 2 млрд теңге, ал жергілікті деңгейде 17,5 млрд теңге бөлінді. «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Жастардың кадрлық резерві», «Мәңгілік ел жастары» және тағы басқа бастамалар іске асып жатыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жастардың әлемдік индексінде Қазақстан 183 елдің ішінде 61-ші орыннан көрінді.

Ағымдағы жылдың қазан айында Президент Жарлығымен кеңестің жаңартылған құрамы бекітілген болатын. 

Соңғы жаңалықтар