Жастар ресурстық орталықтары дамытудың нақты орнына айналуы керек - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар ресурстық орталықтары жастарды дамытудың нақты орнына айналуы керек. Бұл туралы «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламаларының үйлестірушісі Айгүл Қадырова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олар әрбір әкімшілік орталықта бар. Біз алты қанатқақты жобадан бастап, жетіншісін жалғастырдық. Онда бейресми білім берудің ұстанымдары пайдаланылады», - деді А. Қадырова «NEET санатындағы жастар: әлеуметтену мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен отырыста.

Оның айтуынша, өткен жылы осындай орталықтар 4 мың адамды қамтып, жастар онлайн және офлайн форматта білім алды.

Сонымен қатар А. Қадырбаева биыл ЮНИСЕФ жастар ресурстық орталықтары базасында білім беруді қолдауға әзір екенін жеткізді.

«Жастар ресурстық орталықтары жастарды дамытудың нақты орны болуы керек. Жастар саясатын дамытуға тоқталсақ, дамыған елдерде жастар саясаты немен айналысатынына шолу жасадық. Мәселен, Жаңа Зеландияда жастар орталықтары тікелей жастар мәселесімен айналысады. Оларда өте жетілдірілген цифрлық жүйе жасақталған. Жүйде жастардың барлығын тіркелген және олар мәліметтер базасынан қажетті санатты таңдай алады.

Осы жұмыс істейтін маман өзінің жастарын тыңғылықты біліп, оларға қатысты жұмысты атқара алатын деңгейге жету керек. Бізге түрлі салаларда жастармен кәсіби түрде жұмыс істей алатын үкіметтік емес ұйымдар қажет. Осы орайда күш-жігерді шоғырландырған дұрыс болады. Жастардың дағдылары мен біліміне қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар