Жастар практикасы бағдарламасына қатысатын алматылықтарға 69 450 теңге төленеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жастар практикасы бағдарламасына қатысатын алматылықтарға 69 450 теңге төленеді. Бұл туралы Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында жастар практикасын жүзеге асыру қолға алынды.

«Биыл біз жастар практикасына 1618 адамды жіберуді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде 142 адам осы бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатыр. Тәжірибенің ұзақтығы - алты ай. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын төлеуге бюджеттен 25 АЕК мөлшерінде қаражат бөлінді (1 сәуірден бастап бұл сома 69 450 теңге)»,– дейді Диляра Иманқұлова.

Сонымен қатар, ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыссыз жастар Алматы колледждерінде кәсіби қайта даярлау курстарынан өте алатынын айтты.

« Кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түсе алмаған мектеп түлектеріне, жұмыс іздеушілерге, аз қамтамасыз етілген немесе көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі. Оқу барысында студенттерге стипендия, бір реттік ыстық тамақ ұйымдастырылған. Биыл оқуға 2500 адам қабылданады»,– дейді орталық директоры.


Соңғы жаңалықтар