+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Жастар мемлекет дамуының жаңа кезеңіне дайын болуы тиіс – Президент

2020 жылғы 15 қаңтар 13:31
Бөлісіңіз:
Жастар мемлекет дамуының жаңа кезеңіне дайын болуы тиіс – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар мемлекет дамуының жаңа кезеңіне дайын болуы тиіс. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен сіздерді елімізді жаңа биіктерге көтеретін патриот саңлақтар ретінде қарастырамын. Сіздер елдегі ең ауқымды трансформация нақты саладағы, өңірдегі, қаладағы, ауылдағы шағын өзгерістерден басталатынын түсінулеріңіз керек. Әркім өз орнына, алып отырған позициясына қарамастан елдің жаңару процесіне үлесін қосуы тиіс. Бұл сіздердің жеке жетістіктеріңіздің тарихының бастауы болып, жинала келе еліміздің жаңа жетістіктерінің кезекті парағын түзеді. Сіздерге жаңа жағдайда Қазақстанды қалыптастыруға тура келеді. Бірақ, оған білім, құзырет қажет. Онсыз басқарушылық жолда жетістікке жету мүмкін емес. Білім алу процесі оқу орнын бітірумен аяқталмауы керек. Шындап келгенде бүкіл өмір – білім алу», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміздің гүлденіп, табысты мемлекетке айналуы үшін көп жұмыс істеуіміз керектігін баса айтты.

«Тоқмейілсуге болмайды. Біз еңбексүйгіш ұлтқа айналуымыз керек. Басшылықтың қазіргі буыны, оның ішінде сіздердің де билік басына келетін сәт алыс емес. Біз сіздерге басқару тізгінін береміз. Бірақ сіздер мемлекеттік басқарудың осынау тізгінін алуға дайын болуға тиіссіздер. Сіздерде лайықты құзырет пен білім болғаны жөн. Жастарымыз мемлекет дамуының жаңа кезеңіне дайын болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT