Жастар қозғалысы Астана дүкендерінде рейд өткізіп жүр

None
Видеодан алынған кадр
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жаңа Адамдар» жастар қолғалысының белсенділері Астана қаласындағы азық-түлік дүкендері кәмелет жасына толмаған балаларға ішімдік сатуға болмайтыны туралы заң талабын қаншалықты орындап жүргенін тексеру үшін рейд бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белсенділер тексерген 22 дүкеннің жетеуі 17 жастағы қыздың құжатын сұрамастан, спирт өнімдерін сатқан. Белсенділер заңсыздық тіркелген сәтті таспаға түсіріп отырған. Бейнежазбалардан дүкен иелері мен сатушылардың бірі қателігін мойындап кешірім сұраса, кейбірі түкпірге бой тасалап, шықпай қойғанын көруге болады. Жастардың бастамасына түсіністікпен қарамаған дүкендерге полиция қызметкерлері шақыртылып, құжат толтырылған.

«Рейд кезінде сатып алынған ішімдік өнімдері дүкен иелеріне қайтарылады. Бұл жолы кешірім сұрап құтылған дүкен иелері келесі жолы да заңсыздықтың қайталануына жол берсе, азаматтық наразылықтың барлық заңды тәсілдерімен сауда нүктесінің жабылуына күш саламыз.

Біздің міндетіміз –сатушылар мен дүкен иелеріне Жаңа Қазақстанда заң бойынша өмір сүру маңызды екенін түсіндіру», - дейді рейдті ұйымдастырушылар.


Соңғы жаңалықтар