+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Жастар колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі – Үкімет басшысы

2021 жылғы 12 ақпан 12:00
Бөлісіңіз:
Жастар колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі – Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Жастардың әлеуетін іске асыру мақсатында олардың білім алуы, жұмыс істеп, баспаналы болуы үшін, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы үшін жағдай жасалатын болады», - деді А. Мамин.

Осы орайда ол колледждерде тегін оқыту мүмкіндігі туралы айтты.

«Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жеткізіледі», - деді Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT