Жастар кадр резерві: Бекжан Әлімкұлов басшылық лауазымға тағайындалды
Жас кезінен-ақ халық игілігіне қызмет етуге барын салған Бекжан Әлімкұловтың еңбек жолы «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы саласында құқықтық қызмет көрсетуден басталып, еліміздің бас қаласында ірі құрылыс өнеркәсіпорнын ашумен жалғасқан.
Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Zhas Otan» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестіктігі орталық кеңесінің мүшесі, «Nur Otan» филиалының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес мүшесі.
«Бірнеше тілді еркін меңгеріп, Германияның Федералдық экономика және Энергетика министрлігі ұйымдастырған басқарушы кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен жас басшы өзінің өмірлік кредосын туған елі үшін жақсылық жасаумен байланыстырады», - делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ақпаратында.