+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жастар Jas Otan-ға қаншалықты сенеді – ұйым төрағасының жауабы

2020 жылғы 15 қыркүйек 17:53
Бөлісіңіз:
Жастар Jas Otan-ға қаншалықты сенеді – ұйым төрағасының жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастар Jas Otan-ға қаншалықты сенеді? Бұл сұраққа ұйымның төрағасы Елнұр Бейсенбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Jas Otan – жастардың ірі ұйымдарының бірі. Оның құрамында мықты да мақтаулы азаматтар көп. Біздің бүкіл өңірде филиалымыз бар. Jas Otan ұйымының жұмысын түсіне бермейтін көп адамдар біз туралы «бір күндік шаруамен айналысып жүр» деп те айтады. Бірақ олай емес. Бізде жастарға қызықты болатын бағдарлама жетерлік. Соның бірі – «Жастар - Отанға!». Ол 2 миллионға жуық адамды қамтиды. Біз ол бағдарлама аясында шынайы жұмыспен жастарға көмек, қолдау көрсетеміз», - деді Елнұр Бейсенбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Jas Otan жастар үшін әлеуметтік лифтке айналған.

«Jas Otan ұйымына мүше жастардың көбі қазір мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда жүр. Кез келген азамат жүгінген жағдайда біз оған көмектесуге дайынбыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, Елнұр Бейсенбаев бүгінгі баспасөз мәслихатта ұйымның 2025 жылға дейінгі «Жастар - Отанға!» бағдарламасын таныстырған болатын.

Оның айтуынша, бағдарлама бес бағыттан тұрады. Біріншісі – азаматтық белсенділік, екіншісі – сапалы білім, үшіншісі – жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту, төртінші – жас отбасыларды баспанамен қамту және қолжетімді баспана, бесіншісі – тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT