Жастар елдегі әлеуметтік жағайларға бей-жай қарамайды – праймериз қатысушысы

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы, Қостанайдағы «Мирас» мәдениет сарайының директоры Мәди Нұрмұхамбетов жастарды қоғамның дамуына атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында азаматтық позициясы бар жастарды осы қоғамға бейімдеудің, келешекте отанына барынша адал қызмет етудің маңыздылығын айтты. Бұл жалынды жастарға үлкен серпін берді. Рас, жастар қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамайды. Меніңше, партия праймеризіне қатысқан әр адам елдің игілігі үшін жұмыс істеуге әзір», - деді Мәди Нұрмұхамбетов.

Мәди Нұрмұхамбетов партияішілік сайлаудың пікірталас кезеңінде мәдениет және спорт тақырыбына екпін түсіру қажеттігін айтты. Өнер саласында жүрген оған өңірдің әлеуметтік тұрғыда дамығаны маңызды. Мәди Мейрамханұлының депутаттық қызметі 2018 жылы Меңдіқара ауданында басталған. Ол 6 шақырылымның депутаты болып сайланып, әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындармен жиі кездескен.

«Қазақстанның көркеюіне үлес қосып жүрген жастардың спортқа бейім болғанын қалар едім. Сол үшін де спорт инфрақұрылымын назарға алу қажет. Өнер саласы да осылай. Біз «Мирас» мәдениет сарайы жанынан шығармашылық үйірмелерін ашып, жастарға барлық жағдай жасап келеміз. Төтенше жағдай басталған сәтте өңір өнерпаздарымен бірігіп, еңсесі түскен жұрттың көңілін көтеріп, рухани күш сыйлауға тырыстық. Мәдениеттің, білімнің, спорттың дамуы –елдің дамуы. Оның бел ортасында жастар жүруі тиіс. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ», - деп түйіндеді сарапшы.

Еске салайық, бүгін Қостанайда Nur Otan партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңінде 1 500-ден астам партия мүшесі өз таңдауын жасады.


Соңғы жаңалықтар