+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Жастар ел тізгінін ұстауға дайындалуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

2021 жылғы 30 сәуір 17:00
Бөлісіңіз:
Жастар ел тізгінін ұстауға дайындалуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жастардың мемлекет тізгінін қолына ұстауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз». «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай лебіз білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздікке 30 жыл: Таразда «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты  жастар форумы өтті ШЫҰ-мен ынтымақтастықты ұлғайту қажет - Президент ЖЕЭК отырысы: Қазақстан Президенті экологиялық қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді

«Жалпы, жобаның барлық қатысушылары мен жеңімпаздары өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетті, кәсіби және қоғамдық салада маңызды жетістіктерге жетті. Сіздердің табыстарыңыз Қазақстанның жетістігін бейнелейді. Сіздер белсенді патриотизмнің үлгісі ретінде барлық қазақстандықтарды ынталандырасыздар. Сіздердің сөздеріңіз кез-келген статистикаға қарағанда нанымды. Сондай-ақ, бұл тамаша жоба сіздердің барлықтарыңызға одан әрі даму үшін елеулі серпін бергеніне, қоғам мен ел игілігі үшін жаңа идеяларды іске асыру үшін кең көкжиектер ашқанына сенімдімін», - деген Мемлекет басшысы Қазақстан үздік жастарының көптігімен мақтануға тиіс екенін атады.

«Қазақстанның болашағы сіздерге – прогрессивті, талантты, патриот жастарға тиесілі. Сіздер мемлекетіміздің тізгінін алуға дайындалуларыңыз керек. Біз болсақ, осы ойдың шындыққа айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT