Жастар экспедициясы Алматының киелі жерлерін аралады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жастар экспедициясы қаланың киелі жерлерін аралауды Тəуелсіздік монументінен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

аЖастар экспедиция Ұлы Дала Елінің киелі мұрасымен танысуға жолға шықты. Республика  алаңына жиналған бір топ студенттер мен ҚХА мүшелері  велосипедпен  ҚБТУ универстиетіне аялдап , Арбатқа барып тоқтайды.

null «Елбасымыз  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасында еліміздің киелі мұраларына тоқталып өткен. Осыған  орай жастар экспедициясының бағытын Алматының  киелі орындарына бұрдық. Тәуелсіздік монументінің жанына жиналғанымыздың да үлкен мәні бар. Одан кейін тоқтайтын ҚБТУ да киелі  орындардың бірі.  Әр аялдаған жеріміздің тарихын экскурсия жетекшісі баяндап беретін болады.  Саяхат Арбаттағы концерттік бағдарламамен аяқталады»,-деді ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы  Ислам  Кураев.

nullҚХА төрағасы орынбасары Қазбек Мамсуров әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға жастардың қатысуына ықпал ету қажеттілігін атап өтті.

«Кейбір жастардан сұрасаң, Қазақстанның  киелі орындарын білмей жатады. Мұндай жобалар осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған. Негізгі мақсат - қала жастарын тарих мұрасымен таныстыру. Мәселен, біз жиналған Тәуелсіздік монументіндегі  «Алтын адам» археологтардың еңбегінің  жемісі емес пе? Тарихымызды зерделесек, қасиетті орындарды жадымызды сақтап қала аламыз»,-деген пікірін білдірді ол.

nullҰйымдастырушылар жастарды велосипедпен қамтамасыз етіп, пайдалы экскурсия жүргізуді көздеген. Экспедициялық топ Алматының киелі саналатын 6 тарихи орнының бүгін екеуімен танысып, қалған төрт нысанды 20 маусым күні араламақ.

Еске сала кетсек, Алматының киелі жерлері географиясы жобасына 6 нысан кірген болатын. Олар Райымбек батыр кесенесі, «Боралдай сақ қорғандары» қорымы, Қасиетті Вознессенск соборы, А.Байтұрсыновтың музей-үйі, Республика алаңы және бұрынғы үкімет үйінің ғимаратында орналасқан Қазақ-Британ техникалық университеті.

Соңғы жаңалықтар