Жастар дауыс берудегі жауапкершілікті жақсы сезінеді– Халықаралық Түркі академиясының өкілдері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы биылғы сайлаудағы жауапкершілігін жақсы сезініп отыр. Бұл пікірді Халықаралық Түркі академиясының өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертеңнен бері 10 сайлау учаскесінде болдым. Заң талаптарын бұзу деректері байқалмады. Жалпы, дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылар саны көп екенін айтуға болады. Түстен кейін де халықтың біраз бөлігі сайлауға келеді деп санаймын. Сайлауға дайындық өте жоғары деңгейде болғанын көріп отырмыз. Сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері өз жұмыстарын жақсы атқарып жатыр», - Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Эрхан Тюрбедар елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Өз кезегінде Халықаралық Түркі академиясының аға сарапшысы Тимур Козырев

«Таңертең елордадағы Алматы ауданындағы сайлау учаскелерін араладық. Түстен кейін Сарыарқа ауданындағы учаскелерге барамыз. Дауыс беру заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр. Жастар жағы сайлауға жақсы келіп жатқанын байқадық. Атап айтқанда, халық сайлауға жауапкершілікпен қарап отыр. Бұл сайлау елдің болашағы үшін маңызды деп білемін», - деді Т. Козырев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Айта кетейік, Кавказ тарихы орталығының директоры (Әзербайжан), байқаушы Ризван Наджаф оғлы Гусейнов Қазақстандағы сайлау бюллетенінде жазылған «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар