Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен павлодарлық 10 мекеме қиындыққа ұшыраған азаматтарға бірлесіп көмектесетін болады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы жастар бастамаларын дамыту орталығы қарамағындағы азаматтары өмірдің қиын жағдайында қалған он мекемемен келісім орнатты.

Меморандумға қол қою Алғыс айту күніне орайластырылып, «Жақсы адам жүр жанымызда» ұранымен өтті, деп хабарлады ҚАЖ департаментінің қызметкері Айгүл Сыздықова.

Меморандумға қол қойғандардың ынтымақтастығы проблемалық жастардың қоғамға психологиялық және әлеуметтік табысты бейімделуі мен оны қоғамдық шараларға тартуға септігін тигізеді.

«Бүгін Павлодар қаласының пробациялау қызметінде есепте қоғамнан шеттетілмеген 800-ден астам адам тұр, олардың арасында 60-қа жуық әйел мен 700-ден астам ер адам бар, соның ішінде 70 пайыздан астамы 14-29 жас аралығындағылар. Меморандумға қол қойып, біз ауыр жағдайға түскен адамдарға көмек көрсетуде жемісті ынтымақтастыққа үміттеніп отырмыз», - деп атап өтті Павлодар қаласының пробациялау қызметінің бастығы, әділет майоры Бауыржан Қабышев.

Меморандумға қол қойғандардың арасында - «Самал» қоғамдық оңалту орталығы, Павлодар қалалық тұрақты тұратын орны жоқ әйелдер мен балаларды оңалту және бейімдеу орталығы, кәмелеттік жасқа жетпегендерді бейімдеу облыстық орталығы және басқа да ұйымдар бар. 

Соңғы жаңалықтар