Жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен ҚР чемпиондары анықталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – 25 қазан мен 4 қараша аралығында Шымкент қаласында көкпардан – XIV, аударыспақтан – XIV, теңге ілуден – XIV, жамбы атудан VI Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 қараша күні өткен көкпардан ақтық жарыста Түркістан облысының «Құлагер» жастар командасы Жамбыл облысынан келген «Әулиеата» жастарын 6:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпиондары атанды. Үшінші орынға Алматы қаласының жастары ие болды.

Жарыстың жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясының» директоры Әлібек Нұрбаев пен ҚР Көкпар федерациясының Президенті Мұхтар Имашев жеңімпаздарды марапаттады.

Жамбы ату:
1-орын: Бақдаулет Бабажан (Жамбыл облысы) – 86,19 ұпай
2-орын: Батыр Бексауыт (Түркістан облысы) – 79,32 ұпай
3-орын: Ералхан Айкөз (Түркістан облысы) – 60,69 ұпай
3-орын: Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы) – 57,27 ұпай
Теңге ілу сайысында жастарымыз бірнеше айналымдық іріктеулерден өтті. Ширек финалда екі айналым, жартылай финалда екі айналымда үздік шыққан төрттік ақтық жарыста өзара мықтыны анықтады. Жарыстың қорытындысы бойынша ҚР чемпионы түркістандық Ғалымжан Изжанов атанды.

Теңге ілу:
1-орын; Ғ.Изжанов (Түркістан облысы)
2-орын: Р.Комбаров (Түркістан облысы)
3-орын: Б.Сереков (БҚО)
3-орын: Ә.Айып (Алматы облысы)
Аударыспақ жарысында түркістандық спортшыларға қарсылас шақ келмеді. Бес алтын медальдің 4-еуін осы өңірдің спортшылары еншіледі.
Аударыспақ:

50 келі:
1-орын: Айбек Жапаров (Жамбыл облысы)
2-орын: Оразғали Тұрсынбаев (Ақтөбе облысы)
3-орын: Алмас Бурахан (Ақмола облысы)
3-орын: Мейрамбек Рахым (Алматы облысы)
60 келі:
1-орын:Ермек Құралбай (Түркістан облысы)
2-орын:Әлішер Сәлімжанов (Ақтөбе облысы)
3-орын: Нұрдәулет Байсейіт (Қызылорда облысы)
3-орын: Еснұр Исақұл (Жамбыл облысы)
70 келі:
1-орын: Дарын Өткелбай (Түркістан облысы)
2-орын: Абылай Тұрсынбай (Ақтөбе облысы)
3-орын: Алмат Ләтіпбек (Шымкент қаласы)
3-орын: Жақып Икрам (Қызылорда облысы)
80 келі:
1-орын: Құрайыш Расул (Түркістан облысы)
2-орын: Берік Бекус (Шымкент қаласы)
3-орын: Рамазан Ғалел (Ақтөбе облысы)
3-орын: Бахытжан Мұхаметұлы (ШҚО)
80 келіден жоғары:
1-орын: Ғабит Ағабек (Түркістан облысы)
2-орын: Асланбек Сүндетов (Жамбыл облысы)
3-орын: Аслан Есенғарин (Ақтөбе облысы)
3-орын: М.Құсайынов (Атырау облысы)


Соңғы жаңалықтар