Жастар әлеуеті - көлік логистикалық кешенін дамытуға жұмсалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында 7-ші Республикалық жастар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Форумға компаниядағы инновациялық білім тренингі, түрлі байқаулардың іріктеу жарысынан оза шапқандар қатысуда.

   Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамту жөніндегі вице-президенті Эрик Имашевтің айтуынша,  «компанияда жастардың ойларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіліп, кәсіби жетілуіне мол мүмкіндік жасалып келеді».

   «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадр әлеуетін дамытуда корпоративтік жастар саясаты жүйелі жүзеге асырылуда.  Қазіргі таңда білікті, талантты жас мамандардың кадр қоры жасақталған.

   «Компанияда жастардың қажыр -қайраты көлік-логистикалық  холдингті әлемдік деңгейге көтеруге бағытталуы тиіс»,-дейді Эрик Имашев.

  Форум қатысушыларының алдында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқармасының төрағасы Н. Өтешев, Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі министрліктің  Департамент директоры Ғ. Оспанқұлов сөз сөйледі.

  Желтоқсанның 8-іне дейін жалғасатын Республикалық жастар форумының бағдарламасы қызықты әрі танымдық жағынан бай.

   Оған қатысушылар көлік логистикасының болашағы туралы біліп қана қоймай, түрлі тренингтер мен бизнес квестыларда бақтарын сынайды. Жастар үшін ҚТЖ топ менеджерлерінің қатысуымен «Қазақстан темір жолы: даму векторы» интеллектуальдық ойындары, жетекші сарапшылардың қатысуымен шеберлік сыныптары өткізіледі.

  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 маңызды қайырымдылық шарасы» акциясының қорытындысы шығарылады.

   Форумда көлік саласындағы үш ұрпақ өкілдерінің кездесуі жоспарланған.

 Форумның басты оқиғасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жылма жылғы көлік-логистикалық саласының 26 аталымы бойынша «Жас кәсіби маман-2016» 6-шы жастар сыйлығының иегерлері анықталып, марапатталады.

Соңғы жаңалықтар