Жасотандықтардың съезі жаңа форматта ұйымдастырылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанадағы Конгресс-орталықта «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі басталды. Биылғы шара жаңа форматта ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Съезд делегаттары мәжіліс залда емес, Конгресс-орталығының холында емін-еркін форматта бас қосты.Трибуна да қойылған жоқ. Барлық спикерлер ортаға шығып сөз сөйледі. Спич кезінде алқа-қотан отырған қатысушылармен тығыз байланыс орнатылды. Есеп берудің өзі сұрақ-жауап үлгісінде өтті. Осылайша, жасотандықтар үш жылдың ішінде атқарылған шараларды бірге еске алды, әрбір делегат ортақ жұмысқа деген өз үлесін сезінді.

Осы уақытқа дейін біраз шаруа атқарылған. «Нұринтех», «Сәтті қадам», «Жастар - Отанға» сияқты үлкен жобалар қолға алынды. Соның арқасында жаңа инновациялақ бастамаларға жол ашылды, мыңдаған адам жұмысқа орналасты. Жастар лагерьлері ұйымдастырылды. Сол кезде еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар бір-бірімен араласып, жаңа идеяларды, жаңа бастамаларды қолға алды.
null          

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаевтың айтуынша, бүгінде ұйымның ішінде көптеген өзгерістер болып жатыр. Жастар қанаты жаңаша жұмыс істеуге бет бұрды. Бас кеңсе «open space» форматында істей бастады. Ондайда барлық қызметкерлер бөлек кабинеттерде емес, ортақ бір залда отырып, жұмыс істейді. Алдағы уақытта ондай кеңселер барлық аймақтарда ашылады деген жоспар бар. Жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері де қолға алынып жатыр.   

nullnullnull

«Негізі, біз барлық жаңашылдыққа дайын болуымыз қажет. Әрине, адам баласы жаңа нәрсеге сескене қарауы мүмкін. Бірақ мен осыған қатысты бір мысал келтірейін, 1750 жылы Англияда Джонс Хэнвэй деген жігіт бірінші болып қолшатырды қолдана бастады. Бас кезінде адамдар ол жаңалықты қабылдамады. Қолшатырмен жүрген жігітке үреймен қарады. Артынан ол затты зерттеп, оның күннің көзінен, жаңбырдан қорғайтынын түсінгеннен кейін қолшатырды мойындады. Қазіргі кезде Англияның азаматтары қолшатырды тастамай жүреді. Сондықтан әрбір жаңашылдық бірден қабылданбаса да, уақыт өте келе, халыққа жетеді. Қазіргі жаңғыру да бес-он жылдан кейін аймақтарға жететін болады. Сол себепті біз, жастар саяси-экономикалық, рухани модернизацияға дайын болуымыз қажет», - дейді Д.Сүндетбаев.

Айта кетейік, съезд аясында ұйымдастырылған арнайы конференцияда делегаттар орталық кеңестің мүшелеріне дауыс беріп, ұйымның жаңа жарғысын қабылдады.

null

Ертең гала-форумда «Жас Отан» жастар қанатының жаңа тұжырымдамасы қабылданады. Оған дейін қатысушылар сессиялық отырыстарға қатысып, цифрлық технологиялар, отандық өнімдер, білім, ғылым, инновациялар және тағы басқа өзекті мәселелерді талқылайды. 
nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар