Жасотандықтар еліміздегі «Қаһарман даңғылдарын» тазалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  8 мамыр күні елордалық «Жас Отан» белсенділері қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткіші мен мерген қыз атымен аталған көшені тазалады.

Жас белсенділер Жеңіс күнінің қарсаңында еліміздің 16 аймағында «Қаһарман даңғылы» аталатын акцияны қолға алды. Астанада бұл бастамаға Сарыарқа әкімдігі қолдау білдірді. Демалыс күндері Екінші дүниежүзілік соғысы батырларының аттарымен аталатын көшелерде сенбілік өткізіп, ардагерлерге арналған ескерткіштерді тазалады. Мейрам алдында ұйымдастырылып отырған бұл шара жастар үшін жай сенбілік емес, соғыс ардагерлері мен еліміздің азаттығы жолында жандарын құрбан еткен жандарға деген құрмет.

 «Қаһарман даңғылы» әдеттегі сенбілік емес, тазартып жатқан көшелеріміз де кездейсоқ емес. Барлығы да батырларымыздың атымен аталған. Біз, жастар өз қаһармандарымызды ұмытпауымыз қажет. Ардагерлерге біркүндік еске алудан әлдеқайда маңыздырақ бірнәрсе бар. Ол - майдангерлерді тыңдау, әңгімелесу және кеңестеріне құлақ асу», - дейді «Жас Отан» белсендісі Мархат. 
null 

 Жасотандықтар үшін бұл біркүндік акция емес. Бірнеше жыл бойы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын қолға алып, еліміздің барлық аймақтарында тұратын майдангерлерге жыл бойы көмек көрсетіп келеді. Барлығы егде жаста болғандықтан, көбіне үй шаруашылығын өздері атқара алмайды. Мұндайда сол аймақтың белсенді жастары үйлері мен ауласын жинастырып, қол ұшын созуға дайын.

 Ал бүгінгі сейсенбідегі сенбілікке Астана қаласында 60 белсенді, Солтүстік Қазақстан облысында да 60 жас, Қызылорда облысы бойынша - 300, Маңғыстау облысында -103, Атырауда 80 адам қатысса, Ақтөбе 175 жас жалпы 7 көшені тазартқан.  Сондай-ақ, Қарағандыда 40 белсенді Мартбек Мамыраев атындағы аллеяны тазартып, көшеттер отырғызды.

nullnullnull

 

Соңғы жаңалықтар