Жасотандықтар бүкіл ел бойынша эко-акция ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жасотандықтар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясы аясында республикалық эко-акция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордадан бастау алған акция, еліміздің облыс, аудан орталықтарында да өтті. Қатысушылар көшелерді, арықтарды, қоқыс орындарын тазалауға көмектесті. Акцияға белсенді жасотандықтар, жас көшбасшылар, «Biz Birgemiz» волонтерлер қозғалысының мүшелері қатысты. Акция барлығы 2500 астам адамды қамтыды. Қатысушылар қашықтықты және арнайы маска режимін қатаң сақтады», - деді «Jas Otan» жастар қанатының баспасөз қызметінен.

Мысалы, Ақмола облыстық «Jas Otan» ЖҚ филиалы Көкшетау қаласының орталық саябағын қоқыстан тазартса, Алматы жастары қаланың ағаштары мен жасыл желектерді күтiп ұстауға атсалысты.

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, әрбір эко-акция тәрбиелік сипатқа ие.

«Экологиялық акция өзінің тікелей міндетінен басқа, тағы бір маңызды функцияны орындайды. Ол азаматтық ұстанымы биік тұлғаларды «Бұл менің қалам. Мен оны таза және жасыл етемін!» атты идеясымен біріктіреді. Бұл іске жастардың көптеп келуі және қаламыздың келбетін жақсартуға өз үлестерін қосқаны мені қатты қуантады! Өйткені «30 игі іс» акциясы адамдар мен қоғам үшін арналған нақты іс-шараларға, мейірім мен жақсылықты арқау еткен акцияларға негізделген», - деді Нұржан Жетпісбаев.

Өз кезегінде «Biz Birgemiz» қозғалысының волонтері Руслан Бахтияров әрбір акция қаланы көркейтуге және еріктілер қозғалысына өз үлесін қосуға үлкен мүмкіндік беретінің атап өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы шеңберіндегі іс-шаралар әрі қарай жалғасып, келесі айларда мынадай тақырыптарға арналады: шілде – «Baqytty otbasy», тамыз – «Damý», қыркүйек – «Bіlіm», қазан – «Ómіr syıla», қараша – «Sana», желтоқсан – «Egemendіlіk».

Айта кетейік, жасотандықтар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясына белсенді қатысып келеді. Олар бүкіл ел бойынша жалғызбасты зейнеткерлерге үй маңындағы аумақты қардан тазартуға, үйдің ішін ретке келтіруге көмектесті. 9 Мамыр және Халықаралық әйелдер күні қарсаңында құттықтау акцияларын ұйымдастырды. Медицина қызметкерлеріне «алғыс пакеттерімен» қамқорлық жасап, аз қамтылған балаларды балалар мерекесімен құттықтады.


Соңғы жаңалықтар