Жасотандықтар Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жасотандықтар Арыста болған жарылыстар кесірінен зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Төрағасы Дәулет Кәрібек Facebook-тегі парақшасында жазды.

Сонымен қатар жастар еліміздің барлық аймақтарында гуманитарлық көмек көрсету қосындарын ұйымдастырып жатыр.Олардың орналасқан жері мен жауапты адам жайлы ақпаратты ұйымның Facebook-тегі ресми акаунтынан алуға болады. Ұйымдастырушылар көмектесемін деушілерден ең бірінші кезекте гигиеналық заттар, консервілер, ұзақ сақталатын тағамдар, киімдер, көрпелер өткізуін сұрайды.

Шымкент қаласында жасотандықтар волонтерлық көмек көрсетіп, эвакуациялық жиналу пунктерінде азаматтарды тіркеу жұмыстарына және олардың орналасуына жағдай жасауда. Шымкентте көмек көрсетемін деушілер Арман 8 771 891 1117, Жұлдыз 8 747 565 1554 нөмірлеріне хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар