Жасотандықтар ардагерлерге көмек көрсетуде - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының белсенділері тұрақты негізде ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға тұрмыстық және атаулы көмек ұйымдастыруда.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жуырда жастар Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Дмитриевич Синельниковтің үйіне барды. Өз кезегінде ақсақал Кеңес Одағының халқы Жеңіске жету үшін қандай батырлық пен ерліктің үлгілерін көрсеткенін айтты. Сонымен қатар қария жастардың қойған сұрақтарына, яғни өз жауынгерлік ерліктері туралы айтып берді. Майданға қалай аттанғанын, тұтқынға түскен сәтін еске алды.
Леонид Дмитриевич 1921 жылдың 21 сәуірінде Көкшетау қаласында туған. Жақында 95 жас мерейтойын атап өтпек. Ұлы Отан соғысының басталғанға дейін мұғалім болып жұмыс істеді. Кейін кеңес әскері қатарына шақырылып, борышын Белоруссияда өтеді, бұл жерден майданға аттанды. Соғыста жаралы болып, үш рет тұтқынға түсті, бірақ та концлагерьден қашып кетуге тырысты. Көптен күткен Жеңіс күнін Леонид Дмитриевич Минскіде қарсы алды. Бұдан кейін ол Қиыр Шығысқа әскери қызмет етуге жіберілді. Туған жері Көкшетауға тек 1948 жылы ғана оралды.

Өмір бойы жүргізуші ретінде жұмыс істеп, тың жерлерді игеруге қатысып, Қазақстанның үздік жүргізушісі болып танылған, бірнеше рет еңбекшілер депутаттар қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Леонид Дмитриевич көптеген медальдармен марапатталған. Ол үш баланы тәрбиелеп өсіріп, одан жеті немере мен тоғыз шөбере сүйіп отыр.

Сол күнде азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің «Жас Отан» ЖҚ белсенділері тыл еңбеккері, бірінші топтағы мүгедек Рудоба Джусупбаеваның отбасына көмек көрсетті.

Рудоба апа Көкшетауда 1925 жылы көпбалалы отбасында дүниеге келген. Кезінде татар мектебін бітірген. Соғыс жылдарында сол кездегі 16-жасар қыз әскери зауытта қиын да ауыр жұмыс атқарды. 1948 жылы Махмұд Джусупбаевпен отбасын құрып, Зубайра мен Сагида есімді қыздарын дүниеге әкелді.

Жастар айтқандай, бұндай жылы кездесулерді мен сұхбаттарды ұмытуға болмайды - ол дегеніміз бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығы ретінде өскелең ұрпаққа ғибрат пен естелік.

Айта кететін жайт, «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының маңызды бағыты аға буын ұрпақ өкілдеріне көмек көрсету болып табылады: бүгінде аймақта тұратын барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлері қамқорлыққа алынды. Белсенділер тұрғын үй мәселелері, бос уақыт өткізу, сапалы медициналық қамтамасыз ету, тұрмыстағы күнделікті жәрдем көрсету сияқты көптеген маңызды сұрақтарды көтерді. Әрбір сұрақтың шешілуі жүйелі партиялық бақылауда тұруда.
null null

Соңғы жаңалықтар