+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Жасөспірімдерге неше сағат жұмыс істеуге болады

2021 жылғы 13 маусым 21:38
Бөлісіңіз:
Жасөспірімдерге неше сағат жұмыс істеуге болады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары сауда, ойын-сауық орталықтарына және саябақтарға рейдтер өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да ішімдік ішкен 44 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды ШҚО-да бірнеше күнде бұзақылық жасаған 40-тан астам жасөспірім анықталды Өскеменде биыл 16 жасөспірім өз өзіне қол жұмсамақ болған

Рейд мақсаты – жұмыс істейтін жасөспірімдермен кездесіп, олардың заңды құқықтары жайында ақпарат беру.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер ақша табу үшін көбінесе саябақтарда тұрып, балмұздақ сатады немесе ойын-сауық орталықтарына даяшы болып жұмысқа тұрады. Алайда олардың басым бөлігі өзінің заңды құқығын біле бермейді.


«Рейдке шыққандағы мақсатымыз – балалардың еңбегін қанауға жол бермеу. Өйткені балалар жұмыс істеуге тұрғанымен, өз құқықтарын білмейді. Жұмыс берушімен келісімшартқа отырмаудың салдарынан еңбекақыдан қағылу қаупі бар, яғни жұмыс беруші төлемей қоюы мүмкін. Заң бойынша жасөспірім білім алуына кедергі келтірмесе жұмыс істей алады. Егер бала 14 жасқа толмаса ол мәдени салаға, онда да ата-анасының жазбаша рұқсатынан кейін ғана жұмысқа тұра алады», - дейді Петропавл ювеналдық полициясы бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 14-16 жастағы жасөспірімдер аптасына 24 сағат, 16-18 жастан бастап аптасына 36 сағат жұмыс істей алады. Балаларға сағат 22.00 мен 06.00 аралығында еңбек етуге тыйым салынған. Сондай-ақ ауыр, денсаулыққа қауіпті және зиянды жерде, қызмет уақытынан тыс жұмыс істеуге, толық материалдық жауапты болуға рұқсат жоқ. Бұл талапты орындамаған жұмыс берушілерге айыппұл салынады.

Петропавлда бала еңбегіне қатысты құқық бұзушылықтар бойынша полицияға (7152)39-48-65, «102» нөмірі арқылы хабарлауға болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT