+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салу керек пе - зерттеу

2020 жылғы 18 ақпан 16:30
Бөлісіңіз:
Жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салу керек пе - зерттеу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы әлеуметтік желілердің бала денсаулығына әсері туралы зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Германия үкіметі әлеуметтік желілерге бақылауды күшейтпек Дәурен Абаев: Әлеуметтік желіде агрессияның көптігі байқалады

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылым және кәсіби даму бөлімінің маманы Шынар Әбдірахманованың айтуынша, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер онлайн байланыста көп болмайды, бірақ әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады.

«Қазіргі өскелең ұрпақты « желіге тәуелді ұрпақ « деп жиі айтады. Көптеген балалар интернет пен әлеуметтік желілерге қол жеткізе алады және оларды ойын үшін, достарымен, отбасымен және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау үшін, оқуға, ақпарат іздеу үшін, ойын-сауық үшін пайдаланады. Интернет пен әлеуметтік желілер жас ұрпаққа дұрыс әсер етуі де, кері әсер етуі де мүмкін. Электрондық коммуникация құралдарын пайдаланудың тиімді жағы қарым-қатынас жасап, қолдауды түйсінуі мүмкін, достықты сезініп, әлеуметтік құзыретті қалыптастырып, хабардарлықты арттыруы мүмкін және басқа да аспектілердің болуы мүмкін. Әлеуметтік желілерді артық пайдалану ұйқысыздыққа әкеліп, мазасыздандырады, агрессивті мінез-құлық пайда болып, басқа да проблемалардың пайда болу мүмкіндігін тудырады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің түрлі медиа желілерге кіруі кибербуллинг деп аталатын интернет арқылы ізіне түсу/қорқыту қаупін арттырады», - дейді Шынар Әбдірахманова.

Бұл сала жете зерттелмегендіктен, ҚДСҰО ғалымдары жастар өміріндегі ЭКҚ рөлін түсінуге тырысады.

Орталық Қазақстанның барлық өңірінде 11-15 жас аралығындағы қазақстандық оқушылар арасында жүргізген «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (Health behavior in school aged children, HBSC) деген сауалнамада онлайн желілерді пайдалану қарқыны, әлеуметтік желілерді «проблемалы» пайдалану белгілері және онлайн байланыстың басымдығы зерттелді.

11-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің 30%-ы достарымен, отбасымен, таныстарымен және Интернет арқылы таныс болған адамдармен қарым-қатынас жасау үшін әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады. Әлеуметтік желілерді жиі пайдаланушылар саны 15 жасқа қарай ұлғаюда, 11 жастағылар арасында 24% -дан 15 жастағылар арасында 37% -ға дейін артып отыр.

Алайда балалар арасында әлеуметтік желілерді «проблемалы» пайдаланушылар аз, бар болғаны - 7%.

Әлеуметтік медиа құралдарын қолдануды ғана белгілеген; әлеуметтік желілерге аз уақыт бөлінгеніне наразы болған; басқа істермен (спортпен, хоббиімен) айналасудан гөрі әлеуметтік медиа құралдарын таңдаған; медиа құралдарын қолдануға байланысты басқалармен үнемі дауласатын адам әлеуметтік желілерді п роблемалы пайдаланушы деп есептелді.

Бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде жоғары емес, дегенмен ол артуы мүмкін, сондықтан шара қолданып, қадағалау қажет.

Балалардың үштен біріне (33%) өз құпиялары, ішкі сезімдері, өздерін толғандырып жүрген нәрселер туралы бетпе-бет кездесіп айтқаннан гөрі, интернет арқылы айтқан жеңілірек. Олар өздерінің ішкі сезімдерін, күйзелістерін білдіру үшін бетпе-бет әңгімелесуден гөрі, өзара онлайн араласуды/әңгімелесуді дұрыс көреді .

Мұның себебі неде? Зерттеушілердің пікірінше, әлеуметтік құзыреті төмен және адамдармен тіл табыса білмеу, үрейлену, ұяңдық, жалғыздық кейбір интернет пайдаланушыларының интернет кеңістігінде кездестірген достарымен онлайн әңгімелесуге итермелейді.

Онлайн әңгімелесу жасөспірімдер үшін интернет белгісіз немесе аз білетін адамдармен әңгімелесу мақсатында қолданылмаған кезде емес, негізінен бірін-бірі бұрыннан білетін достармен қолданылған кезде пайдалы болады.

Әлеуметтік медиа құралдарының және интернет әсеріне қатысты факторларды ары қарай зерттеу талап етіледі, өйткені «онлайн белсенділік» жасөспірімдердің өмірімен және денсаулығымен тығыз байланысты.

Осыған байланысты денсаулық сақтау саласының мамандарын, мұғалімдерді, жасөспірімдерді және олардың ата-анасын әлеуметтік желілерді қауіпсіз қолдануға үйреткен дұрыс. Оларға әлеуметтік желілерді шамадан тыс қолдануды қалай реттеу керек екендігі туралы ақпарат беру және балаларға өздерінің құрдастарымен позитивті және жауапты өзара онлайн әңгімелесуге үйрету қажет. Ақпараттандырылған және «дені сау» интернет пайдаланушы болуына көмектесу керек. Сондай-ақ олардың коммуникативтік қабілетін дамытып, жеке байланысын және достығын қолдаған жөн.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT