Жасөспірімдерді вакцина алуға психологиялық жағынан дайындау маңызды ма – маман жауабы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жасөспірім екпеге психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. Мұндай пікірді Алматыдағы №1 қалалық емханасының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің психологы Тана Кенжетаева білдірді.

- Тана Бейбітқызы, коронавирусқа қарсы жаппай екпе басталғалы әлеуметтік желілерде түрлі бейнероликтер мен антиваксерлердің хабарламалары тарап жатыр. Бұл жасөспірімдерге әсер етуі мүмкін бе?

– Жасөспірімдер жасына және жеткіліксіз біліміне байланысты бұл процестің ғылыми негізін түсіне бермейді. Және олар үлкендердің сөзіне сенеді. Демек, антиваксерлерге нанып қалуы мүмкін. Бұл жерде ата-ананың рөлі өте маңызды. Олар жасөспірімге вакцинаның тиімділігін түсіндіруі керек. Ол не үшін керек деген сауалға толыққанды жауап берген абзал. Балалар иммунология зерттейтін процестерді әрдайым түсіне бермейтінін есте ұстаған жөн.

– Вакцинация алдында жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына қандай психологиялық дайындық қажет?

– Әрине, психологиялық дайындық керек. Адамға сенім арту өте маңызды. Баланы егу пунктіне апармас бұрын, алдын ала түсіндірген дұрыс. Вакцинацияға қалыпты психологиялық жағдайда келу керек, ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Тамақтану да қалыпты болуы керек. Ұйқының ұзақтығына арнайы талаптар жоқ. Егер қандай да бір манипуляциялар жасалса, мұны медициналық ұйымдарда жасаған жөн.

Қазір жасөспірімге вакцинаны мектепте алған дұрыс деген мәселе қарастырылуда. Өйткені, бұл оның жайлы аймағы, ол өзіне таныс жандарға сенеді. (Мұғалімге, фельдшерге, сыныптастарына). Бұл әркімнің таңдау құқығы.

Адамға қай жерде қолайлы болса, сол жерде вакцинаны салдыра алады. Ең бастысы, медициналық процедура кезінде барлық санитарлық нормалар сақталуын қадағалау керек.

Вакцинация алдында дәрігердің тексеруінен өтеді. Оны білесіздер. Егер баланың дене қызуы 37 ° C-тан жоғары болса, вакцинация кейінге қалдырылады.

– Сіздің ойыңызша, баланың өзінен вакцина аласың ба? деп сұраған дұрыс па, әлде ата-анасының келісімі жеткілікті ме?

– Менің пікірімді білгіңіз келсе. Онда иә. Жасөспірімнің өзінен де сұрау керек. Баладан вакцина туралы не білетінін сұраңыз. Епеге қатысты оның ойын да білген жөн. Бірақ жауапкершілік, әрине, жасына байланысты ата-анасына жүктеледі. Сондықтан бұл жерде ата-ананың келісімі қажет.

– Вакцинация кезінде ата-ананың қатысуы қаншалықты маңызды?

– Вакцинация - күрделі процедура. Сондықтан, екпе салу кезінде жасөспірім үшін ата-ананың болуы, менің ойымша, қажетті аспект. Ата-ананың бірі қасында болғанда, ол өзін еркін сезінеді. Баланың да, ата-ананың да психологиялық көзқарасы өте маңызды. Ана неғұрлым сабырлы болса, бала соғұрлым сенімді болады. Сондай-ақ бұл жерде баланың психоэмоционалды жағдайын қарау керек.

– Сұхбатыңызға рахмет!



Соңғы жаңалықтар