Жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды жеделдету қажет - профессор

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықты, оның ішінде жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды жеделдету қажет. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жұқпалы және тропик аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штамдарының пайда болуына байланысты қала тұрғындары, соның ішінде жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды жеделдету керек», - дейді спикер.

Күләш Құрманова балаларды, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялауға қатысты деректер жеткілікті жинақталғанын атап өтті. Сондықтан Pfizer компаниясының Comirnaty препаратының қауіпсіздігіне алаңдауға немесе күмәндануға негіз жоқ. Сонымен қатар, профессор қаланың «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін де, әсіресе, ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыру қажет екенін еске салды.

«Вакцинацияның бірінші курсынан кейін 6 немесе 9 айдан кейін ревакцинациядан өту қажет. Антиденелер деңгейі біртіндеп төмендейді, ал үдеткіш вакцина ұзақ уақыт сақталатын жасушалық иммунитетті қосу арқылы олардың айқын қалыптасуына ықпал етеді», - деп кеңес берді профессор.

Ол коронавирус пандемиясы әлі де жалғасып жатқанын және инфекцияның жаңа толқындарының болуы мүмкін екенін еске салды. Сондықтан жаппай иммундану қажет.


Соңғы жаңалықтар