Жасөспірімдер соты кәмелетке толмағандар қылмысы төңірегінде пікір алысты - БҚО

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат -  Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жасөспірімдер қылмысына байланысты мәселелерді дөңгелек үстел басында талқылады.

Шараға облыстық сот, прокуратура, құқық қорғау органдары, қылмыстық атқару жүйесі, білім саласының өкілдері және адвокаттар  қатысты.

Жаңадан құрылған соттың төрайымы Фарида Құрманова ҚР ҚК және Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің жасөспірімдер сотына қатысты баптарына жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмысқа ересектер араласса, жаңа сот оны да қарайтын болады.

Фарида Құрманованың айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің мүддесіне қатысты барлық азаматтық істер арнайы ауданаралық сотта қаралмақ. Екінші судья тағайындалғаннан кейін сот өз жұмыстарын толыққанды бастайды деп күтілуде. Мұнда сонымен қатар психолог та жұмыс жасайтын болады. Оның міндеті - сотталушының қылмысқа не себепті барғанын анықтап, қателігін түзеуге бағыт-бағдар беру.

Соңғы жаңалықтар