Жасөспірімдер олимпиадасы: Қазақстан 14- орында тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Буэнос-Айрестегі Жасөспірімдер олимпиадасының соңғы жарыс күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл бүгінгі медальдар саны бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен 14-ші орында тұр.

Ал, көш тізгінін 27 алтын, 16 күміс, 12 қола медаль еншілеген ресейліктер ұстап тұр. Екінші орынға 18 алтын, 9 күміс, 9 қола медальмен қытай спортшылары жайғасса, үздік үштікте 15 алтын, 8 күміс, 12 қола медалмен Жапония елінің өкілдері келе жатыр.

Бүгін жарыстың соңғы күні Қазақстаннан ел намысын екі спортшы қорғайды. Оның бірі алтыннан басты үміткер боксшы Талғат Шайкен. 64 келі салмақта финалға шыққан боксшымыз бүгін сағат 23.15 шамасында ресейлік Илья Поповпен алтын медаль үшін жекпе-жекке шығады. Егер, отандасымызға алтын медаль бұйырып жатса, жалпы есептегі жағдайымыз жақсара түсуі бек мүмкін. Себебі, біздің алдымызда тұрған Австралия мен Колумбия елінің спортшылары жеңіп алған алтын медальдар саны біздің спортшылардікімен бірдей.

Сонымен қатар, бүгін каратеші  Әблмансұр Батырғали да жарыс жолына шығады. 68 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз да жүлделі орындардан көрініп қалуы бек мүмкін. Батырғали бүгін жарыс жолына Астана уақыты  18.00 шамасында шығады.

Еске салсақ, Байрақты додада ел намысын 58 спортшы қорғауда.    

Соңғы жаңалықтар