Жасөспірімдер олимпиадасы: Дамир Тойбай күміс жүлдегер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Буэнос-Айресте өтіп жатқан Жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық боксшы Дамир Тойбай күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бокстан ең беделді салмақ болып есептелетін +91 кг салмақта Д.Тойбай ресейлік Алексей Дроновпен жұдырықтасты.

Алғашқы екі кезеңде ресейлік спортшы әбжілдеу қимылдаса, үшінші раундта қазақстандық боксшының соққылары көбірек тигендей болды.
Төрешілердің шешімімен жеңіс А.Дроновқа берілді.

Бұдан бұрын Венгрияда жастар арасында өткен әлем чемпионатында да А.Дронов басымдылық көрсеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын үш бірдей қазақстандық боксшының финалға шыққанын жазған болатынбыз.


Финалда сағат 05.00 шамасында тағы бір қазақстандық Айбек Оралбай 91 кг салмақта алжирлік Мохаммед Амин Хасидпен алтын үшін таласады.

Содан кейін сағат 05.15-те 75 кг салмақта Надежда Рябец тағы бір алжирлік Ичрак Чаибпен қола жүлдені сарапқа салады. Ал Талғат Шайкеннің соңғы жекпе-жегі 18 қазан күні сағат 23.15-те басталады.

Соңғы жаңалықтар