Жасөспірімдер коронавирус вакцинасын қалай қабылдайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы педиатры жасөспірімдердің COVID-19-ға қарсы вакцинаны жақсы қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№7 Қалалық клиникалық аурухананың педиатр дәрігері Қарлығаш Байдулланың айтуынша, вакцинация жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің иммунитеттін нығайтады. Сондықтан ата-аналар балаларды қазір вакциналауы керек.

Дәрігер бұрын белгілі болған барлық індеттер вакцинация арқылы тоқтатылғанын еске салды. «Кейбір ата-аналар балалардың иммунитеті күшті деп санайды. Алайда, бұл жыныстық жетілу жасындағы жасөспірімдерде қиынырақ. Біріншіден, олар санитарлық талаптарды жиі елемейді, екіншіден, олардың ағзасы әлдеқайда жетілген, яғни вируспен өзара әрекеттесудің барлық механизмдері ұқсас», - дейді ол.
Сондай-ақ спикер коронавирустың төртінші толқыны кезінде қалада аурудың «жасаруы» байқалғанын, ауруханаға көбіне балалар түскенін тілге тиек етті.
Қарлығаш Байдулла физиологияның ерекшеліктеріне байланысты жүкті әйелдерді вакцинациялау қажеттілігі туралы айтты.
«Мұнда екі мақсат бар: ананы және баланы қорғау. COVID-19-ға қарсы егу қауіпсіз. Бірақ аурудың өзі бірқатар асқынуға әкеледі, соның ішінде коагулопатия, қан ұюының бұзылуы, ұрықтың антенатальды өліміне, плацентарлы бөлінуге және қан кетуге әкелетін қан ұйығыштарының жоғарылауы. Вакцинаны 2-ші және 3-ші триместрде алуға болады, осы кезеңде вакцинаның ұрыққа әсері жоқ, ол қазірдің өзінде қалыптасқан», - деп түсіндірді дәрігер.
Сондай-ақ Қарлығаш Байдулла вакциналанған алматылықтарды ревакцинацияға шақырды. Оның айтуынша, антиденелер белгілі бір уақыттан кейін күшін жоғалтады. Сондықтан үшінші вакцинаны алу ұсынылады. Ревакцинациядан өту кезінде басымдық қарт адамдарға, созылмалы аурулары бар адамдарға берілуі керек.
«Мысалы, организмдегі екі компонентпен вакцинациядан кейін антиденелер саны 1 000-нан 5 000 бірлікке дейін жетеді, бірақ жарты жылдан кейін олардың саны азаяды. Егер ағзада антиденелер болмаса, онда адам вирусты тез жұқтырады. Ал ревакцинация – бұл ағзаға жаңа антиденелердің қосылуы», - деп түйіндеді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар