Жасөспірімдер Каспийде суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда қол сағат және құрмет грамотасымен балалар ауылының тәрбиеленушісі Юни Мамергов пен колледж студенті Фараби Пернебаев марапатталды. Олар суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалған.
«Юни Мамергов 17 шілде күні жасөспірімді құтқарып қалды. 1 курсты бітірген студент Фараби Пернебаев 17 және 20 шілде күндері екі жасөспірімді құтқарып қалды. Барлық оқиғалар Тарас Шевченко ескерткішіне қарама-қарсы жағалауда, жартастардың маңында болған. Онда олар қоғамдық құтқарушы болып жұмыс істеп жүрген. Екеуі де қол сағат және құрмет грамотасымен марапатталды», - деді Маңғыстау облысы бойынша ТЖД басшысының орынбасары азаматтық қорғаныс полковнигі Рамиль Камалов.
Сондай-ақ, жақсы қызмет атқарғаны үшін ҚР ІІМ ТЖК марапат қағазымен Ақтау ТЖ басқармасының бас маманы Азамат Құлманов марапатталды.
- Ерлан Қарин: Маңғыстау облысында ҰҚШҰ әскері орналасқан деген ақпаратты жоққа шығарды
- Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
- Бейбіт халыққа оқ атылды деген әлемдік қауымдастық пікірін Президенттің ағылшын тіліндегі твиттері өзгертті - Уәли
- Алматыда бағдаршамдарды қиратудан келген шығын – 72 млн теңгеге жуық
-
Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды
-
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы тұрғындарына үндеу жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




