Жасөспірімдер арасындағы семіздікке қатысты зерттеу жүргізілуде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жасөспірімдер арасындағы семіздік проблемасына орай зерттеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкология, созылмалы респираторлық аурулар сияқты инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және азайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ алкоголь мен темекі бұйымдарын тұтынуды қысқарту жөніндегі шаралар іске асырылуда», - деді министр «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері жайында баяндай келе.

Министрдің айтуынша, елімізде психикалық және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша Жастар орталықтары жұмыс істейді. Оларда 315 мыңға жуық жасөспірімдер мен жастар қамтылған.

«Сонымен қатар, алдын алу іс-шараларын одан әрі дамыту үшін 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында балалардың семіздігі мен темекі өнімдерін тұтынуы бойынша зерттеулер жүргізілуде», - деді Ажар Ғиният.


Фото: blogs.udima.es



Соңғы жаңалықтар