Жасөспірімдер арасындағы бокс турнирі: Қазақстан 11 алтын медаль алды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында бокс турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыста 2005 және 2006 жылы туған боксшылар өнер көрсетті. Турнирге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай спортшылары қатысты.


Нәтижесінде қазақстандық боксшылар 11 алтын медаль жеңіп алды. Ресей мен Қырғызстан әрқайсысы бір-бір «алтыннан» алды.
Чемпиондардың тізімі: 48 кг. Бекзат Эргешов (Қырғызстан) 51 кг. Нұрасыл Мыңжасар (Қазақстан) 54 кг. Бағлан Кенжебек (Қазақстан) 57 кг. Бекзат Мұсахан (Қазақстан) 60 кг. Нұрислам Қалдыбай (Қазақстан) 63,5 кг. Бахтияр Анарбаев (Қазақстан) 67 кг. Төрехан Сабырхан (Қазақстан) 71 кг. Өнер Сейілхан (Қазақстан) 75 кг. Роллан Кузич (Қазақстан) 80 кг. Азат Жолдасхан (Қазақстан) 86 кг. Ибрагим Бетаев (Ресей) 92 кг. Нұрасыл Ернияз (Қазақстан) +92 кг. Ерсұлтан Сапар (Қазақстан).
Соңғы жаңалықтар